Тренинг барысында балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, өз сезімдерін еркін білдіру, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту көзделді. Тренинг кезінде балалар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Жаттығулар балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жағымды эмоция қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында балалардың көңіл-күйі көтеріліп, тренингтен жағымды әсер алғаны байқалды. Өткізілген тренинг даярлық сыныбы тәрбиеленушілерінің психологиялық дамуына оң ықпал етті. Жауапты маман: Бүркіталина А.Т. Пікір жоқ 33 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 23.01.2026 в 10:39