“ Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы аясында “ Электрондық темекі және синтетикалық есірткі туралы мифтер мен шындық” тақырыбында 9,10-сынып оқушыларына алдын-алу шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылар арасында электронды темекі мен синтетикалық есірткінің зияны туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жалған мифтерді жоққа шығару, салауатты өмір салтына бағыттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Құқықтық білімді нақты өмірде, нақты практикалық жағдайларды шешуде өз бетінше қолдана білу.Жағдаяттарды заңдылық пен этика тұрғысынан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау.Шара барысында электронды темекі мен синтетикалық есірткіге қатысты кең тараған мифтер талқыланып, олардың ғылыми тұрғыдан зияны нақты деректер арқылы түсіндірілді. Бейнеролик көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ заңнама бойынша есірткі заттарын қолдану мен таратудың жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.Қорытынды: «Электронды темекі және синтетикалық есірткі туралы мифтер мен шындық» атты алдын-алу шарасы оқушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыс ретінде өткізілді.#заңжәнетәртіп #заңментәртіп Пікір жоқ 34 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 23.01.2026 в 10:24