Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, тапқырлық пен жылдамдыққа баулу, сондай-ақ топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру Зияткерлік ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларға әртүрлі бағыттағы сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар өз білімдерін математика, қазақ тілі, жаратылыстану, тарих және жалпы танымдық сұрақтар арқылы сынға салды. Тапсырмалар оқушылардың ой ұшқырлығын, зеректігін және тез шешім қабылдау қабілетін шыңдауға бағытталды.Ойын барысында білім алушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істей білді. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген құштарлықтарын арттырды. Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар марапатталып, барлық оқушыларға алғыс білдірілді. «Білім тарландары» зияткерлік ойыны оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, зияткерлік дамуына оң ықпал етті. #adalazamat Показать перевод Пікір жоқ 41 қаралды Авторы: b028schaktau Қосылды: 21.01.2026 в 12:19